Өткен ғасырдың басында Қазақстанда бір бөлігі еуропалық білім алған қазақтың ұлттық интеллигенциясының қалыптасу процесі жүрді. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар бел ортасынан табылған ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа кезеңі ұлттық мерзімді басылымның дамуына да жол ашты. Соның нәтижесінде елімізде қоғам мүддесін арқау еткен баспасөз кеңінен тарала бастады. Өткен ғасырдың бас кезіндегі қазақ баспасөзі және қазақ қоғамының сол кезеңдегі басылым беттерінде көрініс тапқан саяси-әлеуметтік мәселелері туралы сөз қозғап көрелік.
Мәдениет


































