Ресей империясы Қазақияны отарлау үшін ХV ғасырдан бастап, экспедициялар жасақтап, барлау жұмыстарын жүргізді. 1383 жылдың өзінде миссионерлік бағытта құрылған топ ХV ғасырдың басында Оралға бірнеше әскери жорық жүргізді. Скряб отряды 1465 жылы, Пестр отряды 1472 жылы Об өзеніне дейін жетті. 1483 жылы князь қара Ф.Курбскийдің мергендер отряды Искер қаласына дейін барды.