Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми ономастиканың күрделі бір саласы – антропонимика. Антропонимика адам аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы. Қазақтың кең даласы – мәдениет, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығы. Мысалы, қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысын байқатады. Себебі олар бұл рәсімде барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алады. Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте жұрттың қарғысынан қарғысынан, өздерінің балаларын мақтаудан қорыққан. Сол үшін Күшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Кенесары деген сияқты есімдер дүниеге келген.