Қазақтың таным-түсінігінде шығыстық өркениеттің ізі бары жасырын емес. Соның ішінде кейбір ғалымдар, тарихшылар, мәдениеттанушылар қазақ пен жапон мәдениетінің арасында ұқсас дүниелер, ұқсас мәдени-тарихи байланыс барын жиі айтады. Тіпті Хоккайдо университетінің профессоры Уяма Томохикон қазақ пен жапон халқының сәби шағындағы құйымшағы мен белінің тұсындағы көкпеңбек таңба тек осы халықтарда кездесетінін алға тартқан еді. Біз бүгінгі мақаламызда тәндік ерекшеліктерден бөлек, сол қазақтың қабылдауындағы ең бір аристократ ұлт саналатын жапон мәдениетінің тарихына шолу жасап көрмекпіз.