Қазақ календары – дегеніміз ежелгі түркі күнтізбесінің жалғасы. Бұл туралы ұлттық күнтізбе һәм жаратылыстануы ғалым, педогогика ғылымдарының кандидаты Мыңбай Өтежанұлы Исқақов 1963 жылы жарық көрген «Халық календары» атты еңбегінде: «Көне түркілердің әжертәуір астрономиялық білім болған. Олар ерте заманның өзінде-ақ мүшел календарын қолданған» деп жазады.