Қазақ тарихнамасында қалмаққа қатысты «Мұздай қаруланған», «Ресей мен Қытай қазаққа қарсы әбден қаруландырған», «Қазақ еліне жаңа да үлкен жорық жасауға жоңғарлар мұқият дайындалды. Орыс патшасының Сібірдегі әкімшілігінен болашақ соғысқа қажет сауыт-сайман, қару-жарақ, оқ-дәрілер сатып алынды» т.б. сөз тіркестерін қолданады. Айтпақ ойлары – қазақ күшті ел еді, қалмаққа да қарсы тұратын мүмкіндігі бар еді, бірақ анау екі сұмырай оны от қарумен қаруландырып бізге қарсы айдап салды, сол себепті жеңілдік-мыс.