Қазіргі тарихнамада Қазақ хандығының шығыс шекарасында ұзақ жылдар бойы көрші өмір сүрген, белгілі дәрежеде бейбіт араластықта болған мемлекетке қатысты Жоңғария атауы қолданылады. Бұл біздің тарихнамаға және қарапайым халықтың тарих туралы түсініктеріне сырттан, нақты айтсақ Ресей арқылы таңылған атау. Шын мәнінде ХVІІ –ХVІІІ ғасырларда бұл халық өздерін «дүрбен-ойрат» атады, яғни «төрт ойрат», яғни мемлекет атауы Дүрбен- ойрат.