Дәстүрлі қазақ садағы – сонау ежелгі дәуірдегі сақтар мен ғұндардан басталып, берісі Кенесары заманына дейін көшпелі жұртымыздың иығынан түспеген, қазақтың дәстүр-салтымен біте қайнасқан қымбат мұра. Ата-бабамыз адырнасын аңыратып жауға шапқан, тойға барып жамбы да атқан.