Үлкен ақын Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында:«Ат сайлап, қылыш қайрап, сарбаз ерлер,Зеңбірек атанға артқан найзагерлер,Жарқылдап сыбызғылы күй тартқандай,Алатау берік қорған жұмақ жерлер», – деп жырланған шумақ болса, қырғыздың «Манас» эпосының екінші кітабында ««Көкетайдың асы» атты бөлімде:«Жайсаңбайдың маңғұлы,Түйе үстінен оқ атты,Күркірете боратты,Түйе мылтық күркіреп,Жауған оққа беттемей,Несқараның әскері,Жосып берді дүркіреп...» дейтін жолдар бар.