Осыдан тура 32 жыл бұрын, 1991 жылы 6 сәуірде Теңіз кенішінен алғашқы мұнай алынатын күрделі технологиялық желі тарихи түрде іске қосылды. Ал 20 сәуірде Теңіз кен орнында алғашқы әлем бойынша ең тереңнен өнеркәсіптік мұнай өндірілді. Бұл оқиға Ембі мұнайшы геологтарының қазіргі Теңіз аумағындағы отыз жылға жуық табанды барлау жұмыстарының жемісі болды. Кен орны ашылған кезде Теңіздегі мұнай қоры 3 миллиард тоннаға жуық, ал бастапқы алынатын қоры 1 миллиардқа жуықтағандығы ресми түрде мойындалды. Кейінгі 20 жылда кен орнында мұнай өндіру өсті.