Екі-үш күннен бері Амантай Әліханұлы ағамыздың Баян-Өлгийдегі қазақ тілінің ахуалы туралы осы сұхбаты Монғолияда тұратын және Атажұртқа көшіп келген қазақтар арасында әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Жұртшылықтың бір бөлігі: "Бұл - жалған мәлімет. Баян-Өлгийде қазақтың білі, салт-дәстүрі тамаша сақтаулы қалпында. Осылай бола береді. Мұндай мәлімет таратқанына ренжуліміз", - десе енді бір бөлігі: "Иә, тіл проблемасы бар екені рас. Тіліміз шұбарланып бара жатқаны да рас. Сұхбат беруші туған жеріндегі ана тілінің болашақ ахуалына жаны ашығандықтан айтып отыр", - деген пікірге келіп отыр.