Кеңес Одағы толық құрылған 1930 жылы КСРО Егіншілік халық комиссары Я.А.Яковлев компартияның ХVІ сиезі мінберінен жасаған баяндамасында: «Біздің есеп бойынша Қазақстанда егін егуге жарамды 50-55 млн. гектар жер бар, соның 36 млн. гектары солтүстік өңірде»,- деген еді. (ХVІ съезд Всесоюзный Коммунистической партии. Стенографический отчет. М., 1930, 584-б). Яғни, отарлаушылар қазақ даласын игерудің амалын ерте қарастырған.