Жуықта қазақ руханиятына зор үлес қосқан тұлға мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай аға Жолдасбековпен жолығып, ғалым-қарияның Кенентануға қосқан үлесі жайлы көлемді сұхбат жасаған едік. Ол жазба өткен сәуір айының 5-ші жұлдызында «Тарих парталына» «Кененнің бас інісі» деген атпен жарияланды. Қалай десек те, Мырзакең - кеңестік дәуірде болсын, кейінгі тәуелсіздік жылдарында да ұлттық ағаршылықпен айналысқан һәм лауазымды қызметтер атқарған тұлға. Әсіресе тоқырау жылдары Жетісу өңірінің мәденитін өркендетіп, халқымыз траихына қатысты көне мұраларды айналымға енгізуде қосқан үлесі зор. Осы орайда қайраткер ағамен тағы да жолығып өткен күндер баяны жайлы айтқан әңгімесін ұсынып отырмыз.