Қазақ ерте заманда ақшаның орнына жамбыны қолданған. Жамбы жасалу формасына қарай – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ деп есімделуімен қатар заттық сипат-пошымына байланысты: асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы, түйме жамбы, теңге жамбы, тобық жамбы, бесқұлақ жамбы, қосқұлақ жамбы, ақсерек жамбы, қарақұлақ жамбы т.б. деп аталумен қатар, материалына байланысты: таза ақ күмістен жасалған болса ақ жамбы, алтыннан жасалса алтын жамбы деп де атаған. Бұл құнды бұйым ертеде ақшаның орнына да бағалы эквивалент ретінде жүрген.