Дүниенің бедерін бұзған атақты қазан төңкерісі әлі басталмаған мамыражай заман. Осындай жайма-шуақ, жайлы жаз күндердің бірінде еліміздің шығыс шебіндегі құнарлы өлке Зайсанның Үлкен Қараталына сонау Ресейдің Самара өлкесінен Михайл Кудряков деген орыстың дворяны көшіп келіпті. Қаратал ауылы Қытай елінің шекарасына тиіп тұрғандықтан, орыс саудагері көрші елмен сауда-саттақ жасап өрісі кеңіп, дәулеті артады. Қазақ даласына тамыр тартқан Кудряков жергілікті жұртпен етене араласып, дүйім әулеті қазақуарланады.