Бүгінгі жаһанданудың екпінді ағысы бізді тек технологиямен ғана емес, жат мәдениеттердің де ықпалымен бетпе-бет келтірді. Осындай алмағайып шақта бізді өзгеден ерекшелеп, ұлт ретінде сақтап қалатын бірден-бір күш ата-бабамыздан қалған асыл мұра, салт-дәстүріміз. Алайда, уақыт шаңына көміліп, мағынасы ұмытыла бастаған кейбір дәстүрлеріміздің астарында адамзатқа қажетті ең асыл құндылықтар жатыр