Кенесары соғысы – (көтеріліс деген ұғыммен келіспейміз) ұлт тарихының, ел тағдырының өлшемі болғаны айдай анық нәрсе. Мұндай жағдайды 1986 жылғы Желтоқсан толқуынан да байқаймыз. Осынау бір талмауыр сәттегі қазақ интеллигенциясының әрекеті, қимылы, көзқарасы қандай болды, сол сияқты Кенесары дәуіріндегі қазақ билерінің шешімі, орыспен арадағы соғысқа қатысты ойларын сараптау қажет болады.