Биыл Қазақ елінің Тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесары ханның 220 жылдық мерейтойы. Өкінішке қарай қазақтың ең соңғы ханының мерейтойы өз деңгейінде аталып өтпеді. Шын мәнісінде Азаттық үшін арпалысқан Хан Кененің патшалы Ресейге қарсы күресі, бұған дейін айтылып келгендей ұлт азаттық көтерілісі ғана емес, сонымен қатар қазақ-орыс соғысы еді. Өкінішке қарай жылдар бойы қалыптасқан ұғымды өзгертіп, тарихқа жаңаша баға беруде әлі де болса «әттеген-айымыз» көп. Бұдан да өкінішті жағдай айтулы тұлғаның мерейтойының ескерусіз қалуы болды. Ал шындап келгенде ұлы ханның мерейтойы назардан тыс қалатын дата ма еді?