Қазақ даласындағы көне жартас суреттеріне қарасаңыз – дабыл ұстаған, қол-аяғы ербеңдеген бейнелер жиі кездеседі. Қара тасқа қашалған сол «бақсы» сұлбалары біздің тек шамандықтың ғана емес, әдеби, музыкалық жадының терең қатпарларын меңзеп тұрғандай. Қытайдағы қазақ тарихшысы Ясин Құмарұлы «Алыстағы атамұра» кітабында дәл осы байланысқа – әдебиет, көркемөнер мен қиыр шығыстық шаманизмнің түйісер жеріне үңіледі.
Мәдениет