Өткенде жарық көрген (Айдалған ел, аңыраған жұрт) мақалада айтылғандай Жаламаның айдауындағы жұрт «Өрікті көл» мен осы көлге келіп құятын Бұрғыстай өзені сағасына келгенде көтеріліс шығарған. Тарихшы-шежіресі марқұм Сарай Асқанбайұлының еңбектерінде аталған көтеріліс 1912 жылы жаздың ортасында болған дейді. Бұл қате. Көтеріліс қыркүйектің ортасында болған тәрізді. Осы оқиғаға үлкен ойшыл-жыршы Ақыт қажы Үлімжіұлы жырмен былай деп сипаттама берген екен: