...Көң тасыған көк есектер, бәріңе,Қалдырмастан жағалай жас-кәріңе,Үрім-бұтақ нәсіліңе қалғандайНық басылар кетпейтін мөр тәніңе...Асықпаңдар!Артымызда қазы бар,Тергеп талай, сүйектерің қазылар.Пайғамбарды сатып отыр тілла алған,Яһудамен бірге аттарың жазылар.Қинамайды абақтыға жапқаны,Қиын емес дарға асқаны, атқаны.Маған ауыр осылардың бәріненӨз ауылымның иттері үріп, қапқаны...