1893 жылы (25 қараша) дат ғалымы Вильгельм Томсеннің ғылым әлеміне беймәлім жазулар ретінде танылып, түрлі өркениеттерге таңылып келген көне түрік бітіг жазуының кілтін тапқан соң әлем назары руна ескерткіштеріне ауған еді. Яғни ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы ғылым әлеміне тың тақырып - көне түрік бітік жазуы (түрік руникасы) келіп қосылып, Орталық азия жаппай зерттеу нысанына айналып сала берді.