Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде «Көшпенділер өркениеті: Ұлы қағандардың хаттары, жарлықтары» атты көрме ашылды. Бұл көрме Қазақстан мен Моңғолия мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Көшпенділер өркениетін, мемлекеттік дәстүрін, көне жазу және дипломатиялық қызмет тарихын насихаттау мақсатындағы көрмеде көшпенділер тарихындағы ұлы, кіші хандардың хаттары, жарлықтары, таңбалары, алтын найза үлгілері, алтын-күміс тиындары, ежелгі ұйғыр, моңғол ұлттық жазу мұралары көрсетілді.