Ежелгі парсы тілінде жазылған «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның аты аталады. Шығарманың авторы Қасым ханды Дешті Қыпшақтың «ханы», кейде «патшасы» деп, бірнеше жерде атап көрсеткен. Аталмыш қолжазбадағы деректерге сүйенсек, Иран шахтары мен Орталық Азия хандарының арасындағы шиеленіске толы оқиғалар әңгіме болады.