ХІХ ғасырдың соңы қазақ даласында жаңа үлгідегі білім мен ұлттық сананың ояну дәуірі болды. Бұл кезеңде ел ішінен шыққан аз ғана оқыған азаматтар империялық оқу орындарына түсіп, кәсіби білім алып, оны халық игілігіне жұмсауды мақсат етті. Солардың бірі – Әміре Айтбақин. Оның есімі көбіне «алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі» ретінде аталғанымен, тарихи тұрғыдан ең маңызды еңбегі – қымыздың емдік қасиетін ғылыми негізде зерттеп, дәлелдеуі.
Мәдениет