Қазақтың батыр қызы Мәншүк туралы мәліметтер бар секілді көрінгенімен олардың бірін-бірі қайталайтын, көбі анық-қанығы толық зерттелмеген жарытымсыз деректер екенін көзі қарақты жұрт біледі. Біз ғой батыр қыз туралы жалғыз фильмді көріп, ерлігі туралы естіп өстік, кейінгі ұрпақ ше? Олар Мәншүк есімін жанына жақын көре ме? Өйткені, уақыт озған сайын кешегі тарих көмескіленіп, екіншідүниежүзілік соғыс туралы түсініктер өзгеріп жатыр. Міне, осы орайда жазушы-эссеист Мақсат Тәж-Мұраттың Мәншүк туралы жазған «Қаһармандық анатомиясы. Мәншүктің мәлімсіз майданы» атты кітабы кез келген қазақтың үйінде, барлық мектеп кітапханасында болуы керек деп ойлаймыз.