Халық арасында жиі айтылып жүрген «Дудар-ай» әнін білмейтін жан жоқ шығар. Қазақ жігітіне ғашық болып қалған орыс қызының осы бір әні жылылық пен махаббаттың, ғашықтық пен құштарлықтың символына айналғандай. Бүгінгі таңда ғашық жандар рухына тағзым ететін Мария Рекинаның мазары Ақмола облысы бойынша киелі жерлер картасына еніп отыр.