21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні. Тіл – тірі ағза секілді. Тарих талай мәрте дәлелдегендей, тіл өздігінен сақталмайды. Оны өміршең ететін ұлттың өзі мен мемлекеттің саясаты. Ана тілін мемлекеттік тіл деңгейінде ұстап тұру үшін заң керек екені аян. Бірақ заңның өзі жеткіліксіз. Шын мәнінде тіл өміршең болуы үшін ол білім беру жүйесінде, ақпарат кеңістігінде, мемлекеттік қызмет пен тұрмыста кең қолданылып, қоғам тарапынан ортақ қолдау табуы қажет. Ал көпұлтты мемлекеттерде тіл туралы заң бір мезетте екі міндетті атқарады: Біріншісі – мемлекеттік тілді қоғамдық өмірдің басты тірегіне айналдыру, екіншісі – этностардың тілдік-мәдени құқықтарын сақтай отырып, қоғамда татулықты қамтамасыз ету. Төменде біз бірнеше көпұлтты ел тәжірибесін мысалға келтіре отырып, мемлекеттік тіл мәселесін «қаталдандыру» немесе «босаңсыту» емес, жүйелі түрде жолға қою шешуші екені көрінеді.