Осы арада біз үшін аса маңызды және зерттеудің осы «Ақ-қарасы айырылмаған жол» атты тарауына, оның ішінде осы үзінді алынып отырған мәтінге де қатысы бар бір оқиғаны кіріктіре кетуді жөн көрдік. Ол оқиға: Мағжанның, Мағжанмен тауқыметтес «ұлтшыл ақын-жазушылардың» шығармашылық жолы мен көркем идеясын түсінуге ұмтылған ізденушілердің қандай тамұқ талқысынан өткенінен мағлұмдар етеді. Қазір жеңіл-желпі желеу болғанымен де, ол тұста зерттеушіге тәп-тәуір қауіп-қатер төндіретін.