Қазанның екісі мен он төрті арасында Алтайдың күншығыс бөлігі, Монғолияның Баян-Өлгий аймағына сапарлаудың сәті түскен болатын. Іссапар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қарамағындағы «Qazcontent» акционерлік қоғамы басшылығының қолдауымен жүзеге асырылды. «Qazcontent» АҚ «Қазақстан тарихы» интернет-жобасының жетекшісі Алтынбек Құмырзақұлы және мен «Әдебиет порталы» интернет-жобасының шығарушы редакторы Асылбек Байтанұлы –«Қандастар қазынасы» атты этнофольклорлық экспедиция бойынша аталған уақытта Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласында және бірнеше сұмындарда (аудан) болып, ел ішіндегі шығармашыл адамдармен кездесу жүзеге асырылды.