Қазір қоғамда мынадай үрдіс байқалады: Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы отыз жылында «алдымен экономика, сосын мәдениет» деген бағыттың адасқан жол екені аңдалып, қарапайым халық енді бір ес жиғанда әуелі жан дүниені байыту керектігін сезіп келеді. Өйткені қоғамда ақша табу, қалайда мал табу, саудагерлік алдыңғы орынға шыққанда руханият мәселесі екінші кезекте қалып қойғаны еш жасырын емес. Тек құлқыны тамақ жеу мен ақша культі болған қоғамның тамыры солқылдақ, өзегі жұлынқұртқа айналатынын тарих әлдеқашан көрсеткен. Демек, адамзат баласының қайта айналып соғатын алтын қазығы, берік діңгегі мәдениет пен руханият тұғыры болып қала береді. Бұл – шынында да өзгермейтін құндылық.