Кешегі күндері алыптар алшаң басып жүрген қаланың біреуі Омбы еді. Ұлы Шоқан, Абайдың көркем мінез інісі Қалиолла, көсем Әлихан, өткір Міржақып, әйбат Әбікей, алғыр Айдархан, сері көңіл Сейітұлдары, қайсар Қошке, маңғаз Мағжан, сәнді Сәкен, нағыз Нығметтер болған Сібір шамшырағы Омбыда Отыншы атамыз да жадырап күліп, жамырап жүрген-ді.