«Қазақстан тарихы» интернет-порталының өткен жолғы сандарының бірінде алаштанушы ғалым Ұшқын Сәйдірахманның тарих ғылымдарының докторы, профессор, көне жазулар бойынша білікті маман Амантай Исин мырзадан жазып алған сұхбатын жариялаған едік. Сол мазмұнды материалда ғалым әкесі жайлы біршама деректерді келтіріп, тарихи құжаттарды ұсынған болатын. Десе де «Ел іші – өнер кеніші» емес пе, кезінде ән-жырымен халықтың рухани дүниесін байытқан, ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан халық ақыны Иса Биназарұлы жайлы айтылатын сөз, шертілетін сыр аз болмай шықты.