1917 жылдың қазан айында билік басына большевиктердің келуі елде қалыптасқан жаңа саяси ахуал, бұрынғы СССР-дағы республикалардың қоғамдық өміріне аса ауқымды өзгерістер әкелді. Дамуы жағынан өзгеше саяси билік, қатаң орталықтандырған мемлекеттік биліктің қалыптасуына жағдай жасады. Советтік социалистік жүйенің қалыптасып, жетпіс жылдан аса өмір сүруі – бір жағынан мемлекеттік басқарудың ерекше түрін енгізуге, екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде мерзімді баспасөздің рөлін ерекше жоғары көтерумен қатар большевиктік саясат пен идеологияға бағындыруында болды.