Құдайға берген антым бар.Төреге берген сертiм барНұралы биХVIII ғ. аяғы –ХІХ ғ. басында қалың қазақты басқарған екі Бөкей хан болғанын көпшілік біле қоймайды. Бірі Еділ мен Жайық арасындағы аймақты қайтарған Нұралы хан ұлы Бөкей, екіншісі Сарыарқада Уәлимен қатар билік құрған Барақ хан ұлы Бөкей. Біздің әңгімеміз ХХ ғасыр басында қазақтың азаттық көшін бастаған Әлихан Бөкейханның бабасы Бөкей хан туралы. Биыл жазда Бөкей ханның Түркістаннан Сарыарқа жеріне сұлтандық қызметіне келгеніне 255 жыл толады. Шежiре Бөкейді Қазақ хандығын құрған Жәнiбектен шығарады. Ондан сұлтаннан бастап бұл әулетке жеке ту бөлінген, сол себепті Барақ пен Көшек ұрпағын «ақ тулы төрелер» деп атайды.