Егер сізді Семейдің ең ежелгі тарихы қызықтырса оны, әрине, оң жағалаудан іздеген жөн. «Дархан-цорджы» құрылыстарын Ертістің оң жағалауынан жақсы аңғаруға болады, сонымен бірге мәтінді байыпты қараған адам «Ертіс сүмбе» мұнараның тұрған жерін де шамалайды. Бұл жер бұрыңғы Семей облысының губернаторының үйі, яғни қазіргі музей ғимараты мен Ертіс жағалауының арасы. Ал сіз Әбілпейіз сұлтан кезеңінің ескерткіштерін іздесеңіз, онда Ертістің сол жағлауын, яғни Алаш қаласын зерттеуіңіз керек. Жалпы Семейдің жаңа тарихына Әбілпейіздей еңбегі сіңген тұлға жоқ. «Төре» деген сөзді бұл жерде біз Әбілпейіздің Шыңғыс хан тұқымы екенін көрсетеуді мақсат тұтпай, мемлекет қызметкері мағынасында қолданып отырмыз.