Семей ядролық полигоны – ХХ ғасырдағы ең ауыр экологиялық әрі гуманитарлық апаттардың бірі. Бұл тақырып қаншама зерттеліп, жазылып, айтылғанымен, оның зардабы мен тарихи сабақтары ұмытылмауы тиіс. Полигон тағдыры тек бір аймақтың емес, бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі мәселесіне айналды. «Тарих söile» YouTube жобасындақонаақта болған тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовпен болған сұхбатымызда адамзат жадынан ешқашан өшпейтін осы бір қасіретті қайта еске түсірдік.