Тарихи-этнографиялық мәліметтерге қарасақ қазақ халқы ертеде кез келген отырықшы қонысты қала деп атаған, ол бірнеше үйден тұратын шағын, немесе ірі елді мекен болуы да мүмкін. Сол себепті ортағасырлық Семейдің «Ертіс сүмбе», немесе ойрат тілінде «Эрчисын сумэ» атанғанына еш шәк келтіруге болмайды. Енді осы көне қоныс «Дархан-цорджы» атауына дейін қалай ие болды екен, соған келейік. Бұл үшін қазақ тарихындағы ойрат-қалмақ факторына аздап тоқтала кеткен жөн.