Не нәрсені болсын, басқа қырынан бағамдағанға жетер дүние жоқ қой. Абайдың «...Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жолға сал» ескертпесі көптің көне көзқарас пен ескі танымнан бір танбайтын кертартпа ғадетіне қатысты айтылса керек. Сол көп айтатын көне көзқарастың бірі Шәмші Қалдаяқовқа тиесілі. Жұрт әйгілі композиторды бір ауыздан «вальс королі» дейді. Біз бұл пікірмен басыбайлы келіспес едік. Неге келіспейміз, енді соның себебіне келейік.