Бүгін – қазақтан шыққан ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Шәмші Қалдаяқов дүниеге келгенде оған Жәмшид есімі қойылғанын білетіндер аз. Кейіннен «Жәмшид» «Шәмші» болып өзгертіліп, құжаттарға осылай жазылып кеткен. Осы арада Жұбайы Жәмилә Шәмшінің әкесінің аты Қалдаяқ емес, Әнәпия екенін еске алады. Оның айтуынша, аяғындағы белгіге байланысты жеңгелері «Қалдаяқ» атап кеткен.