1991 жылдың соңындағы территориясы кең байтақ Еуразия өңірін қамтыған КСРО-ның ел ішіндегі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси, ұлтаралық және экономикалық терең дағдарыстар себептерімен тарауына байланысты жаңа тәуелсіз мемлекеттердің өмірге келгендігі белгілі. Ал, мұның өзі аталған елдердің болашақ еркін дамуына деген жол ашқанымен жаңа қиындықтарға да кездестірді. Солардың қатарында, экономиканы нарық талаптарына бейімдеу, кең көлемді басталған бақылаусыз ішкі-сыртқы көші-қон, территоряларының толығымен анықталмауы, шекараларының талапқа сай бақылауға алынбауы, тағы да басқалары көптеген жаңадан туындаған қиындықтардың пайда болуына әкелді. Әсіресе бұл аймақтардағы белгілі күштердің жасырын есірткі өткізуге деген әрекеті, кей республикалардағы белең ала бастаған халықаралық ланкестіктің бой көрсете бастауы аталған жаңа тәуелсіз мемлекеттер басшылығынан бірлескен жедел шаралар қабылдауды қажет еткендігі белгілі.