XX ғасырдағы ел тарихы күн өткен сайын жаңа тақырыптармен толығып, зерттеушілердің назарын көбірек аударуда. Советтік кезеңдегі отандық тарих жаңа деректермен толықтырыла отырып, алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды. Мұндай тақырыптардың бірі — Совет үкіметі тұсындағы депортацияланған халықтар мен жергілікті қазақтардың қарым-қатынастары.