Шетелде тұратын қазақ балалары Бурабайда бас қосты. Әлемнің 12 елден келген 288 жеткіншек «Балдәурен» жазғы лагерінде демалып қана қоймай, 15 күн бойы тарихи отанының тұмса табиғатымен танысып, салт-дәстүрімізге қанығады. Сондай-ақ ана тілін дамытып, ортақ дос таба алады. Айтпақшы, жыл сайынғы дәстүрге айналып отырған бұл шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мұрындық болуымен өтіп отыр.