XX ғасыр қазақ халқы үшін ең ауыр кезеңдердің бірі. КСРО-да ұлтты әлсіретіп, оның құндылығы ана тілін жою мақсатында түрлі сұрқия сатты қазақ даласына жүргізе бастады. Ең басты жасаған тосқауыл – ол қазақ тілді мектептердің құрып кеткендігі еді. Ұлттық мектептер жабыла бастады. Күллі қазақ жұрты орыс тілінде сөйлеу керек деген ұстаныммен болды. Дегенмен сол уақыттың өзінде де қазақ балалары өз тілінде білім алып, қазақ мектептеріне бару керек, бала-бақшалар қазақ тілінде болуы шарт деген ойды алға тартып, оның жұмыс істеуіне ықпал еткен тұлғалардың бірі, халық жанашыры Шона Смаханұлы еді.