Биыл көркемсөз шебері О. Бөкейдің туғанына 80 жыл толып отыр. Жазушыға құрмет ретіндегі іс-шаралар жазушының туған жері Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданынан басталып, Астанада да жалғасын тапты. Кеше Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, дарынды публицист Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай «Шолпандай таң алдында туып батты» атты конференция өтті.