Біздің қолымыздағы Қазақстан тарихы оқулықтары тарихи оқиғалар мен тұлғаларды сипаттап жазудан тұрады. Бұл біздің тарих ғылымы әлі балалық шақта тұрғанының көрінісі, яғни ол ақыл-есі әлі толмаған жас бала сияқты, көргенін, немесе естігенін ғана баяндайды Ғылым өсе-жетіле келе өзіне өзі «осы біздің айналысып жүргеніміз не нәрсе, оның мағынасы бар ма, ішкі мазмұны деген не, не себебтен біз осындай болдық?» сияқты сұрақтар бере бастайды. Міне, осы кезде тарихтың ішкі мазмұнына ұңілетін тарих философиясы пайда болады.