Астанада ел тарихымен тағдырлас қос басылым – «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттері өздерінің 35 жылдық мерейтойын айшықты іс-шарамен тағы да атап өтті. Әсілінде астаналық газеттердің мерейтойы былтыр дүркіреп өткен еді. Енді соның жалғасы ретінде басылым тарихын ғана емес, елорда тарихын бедерлеген «Елорда шежіресі» және «В ритме столицы» атты қос бірдей кітаптың тұсаукесері бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті. Мәдени-рухани жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер, газеттің ардагерлері, журналистика ардагерлері мен оқырмандар жиналды.
Мәдениет