Әмір Темір құрған алып мемлекетте ақшалар негізгі тиын металдарының барлығынан соғылып отырған. Алайда, негізгі үш ақша металдары - алтын, күміс және мыстан ақша шекімелеу ісі әр ақша металына қатысты түрлі көлемде жүргізілген. Осы кезеңдегі алтын ақшалардың шекімесіне келер болсақ, осы күнге дейін түрлі жағдайларда табылған, қарастырылып отырған кезеңге қатысты алтыннан соғылған нумизматикалық материалдар көлемі бұл істің мемлекетте кең көлемде іске асырылмағандығын меңзейтіндей.