Қазақтың тілдік танымында «тентекті тезге салу» деген тіркес бар. Немесе аталарымыз «Қисықты тез түзейді, бүкірді көр түзейді» депте айтады. Бұл сөз мағыналық тұрғыдан – қоғамда яғни, ел ішінде болатын кейбір қыңыр-қисық, телі-тентектерді жөнге салып, оның мінезіндегі қыңырлықтары мен әрекетіндегі оғаш қылықтарын жөнге келтіру үшін жасалған шаралар екені анық.