Абай Құнанбайұлының шығармашылығы тек қазақ халқының ғана емес, жалпы түркі әлемі әдебиетінің тарихы мен теориясында ерекше орын алады. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, демократ, қазақ ақындық поэзиясының ірі реформаторы Абай шығыс ойшылдарының бірі ретінде танылды. Алаш қайраткерлері Абайды ерте кезден танып біліп қазақ арасына насихаттап қоймай, оны өркениетті елдерге танытуда, туысқан түрік халықтарының мұрасын дәріптеуде де ерекше атсалысты. Мұның астарында қазақ оқыған зиялыларының «Алаш» архетипін тірілтіп, алты алаш, тұтас түрік жұртының азаттығын көксеу жолында Абайды бағдарға алып, жол тартты.